×

Атырау облысында оқушы аудан мектептеріне террор жасалатынын жазған

Көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 19.04.2024 | 17:43
Фото: polisia.kz

Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД АТО бөлімімен бірлесіп, облыс мектептерінің бірінің 9-сынып оқушысын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жасөспірім анонимді Telegram-арна құрып, онда 21 сәуірде Индер ауданындағы мектептерде террористік акті жасалатыны туралы хабарлама жариялаған. Жазбамен бірге интернеттен жүктеп алған қарудың суретін салған. Қазір оның осындай басқа да Telegram-арналар құруға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ІІМ терроризм актісі туралы жалған хабар үшін жауапкершілік барын еске салды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама