×

ҰҚК діни-экстремистік ұйымның басшыларын ұстады

Олардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған

 Динара Амантай 19.04.2024 | 14:16
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

17 сәуірде ҰҚК ІІМ-мен өзара әрекеттесе отырып, прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында Қазақстанның 4 азаматын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Олар республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымды құрып, қызметін ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында көптеген діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Айта кетсек, ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Сотпен ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама