×

Әнші Қайрат Нұртас тағы бір бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ВИДЕО)

Ол көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай жүргізген

 Халық үні 01.05.2024 | 20:35
фото: әлеуметтік желіден

Әнші Қайрат Нұртас тағы бір бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған концерт кезінде бейәдеп сөз айтқанымен қоса, көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай жүргізгені үшін де айыппұл салынған.

EGOV.PRESS арнасында Қайрат Нұртас пен тағы бір қазақстандық әнші HIRO-ның видеосы жарияланды. Бейнежазбада әртістер музыканың дауысын қатты қойып, көлікте келе жатқанын көруге болады.

Бұл жағдай бойынша Қайрат Нұртасқа көлікте қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін айыппұл салынды.

Құқықбұзушыға қатысты шаралар қолданылыды. Көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай жүргізгені үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ӘҚБК – нің 593-бабы 2-бөлігі), - деп хабаралады Алматы полиция департаментінің өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама