×

21 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

 Халық үні 21.04.2024 | 08:28
Фото: report.az

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 21 сәуірде болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жарилады.

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек күндіз Қазақстанның оңтүстік-батысында және қиыр солтүстігінде аздаған жаңбыр күтіледі, сондай-ақ республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр жауып,  найзағай болады.

Қазақстан бойынша жел күшеюі күтіледі, Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама