×

Ұлыбританиялық мұғалім 39 сағат рэп оқып, рекордтар кітабына енді

Бұған дейінгі рекорд 33 сағат, 33 минут, 16 секунд еді

 Халық үні 26.05.2022 | 05:40
Фото: tengrinews.kz

Испаниядағы мектептердің бірінде жұмыс істейтін Дэниел Алкон 39 сағат, 37 минут, 54 секунд рэп оқып, Гиннесс рекордын орнатты. 

Сөйтіп, 35 жастағы ер адам Валенсиядағы ең ұзақ рэп марафонында Гиннесс рекордын жаңартты.

Жеңісіме үлкен үлес қосқан командама және оны тікелей эфирде көру үшін бір секунд уақыт бөлген адамдарға рақмет», - деді Дэниел Алкон рекорды жарияланған кезде.

Мұғалім рэп марафонын YouTube-те тікелей эфирде көрсеткен.

Айта кетсек, бұған дейінгі рекорд 33 сағат, 33 минут, 16 секунд еді. Оны 2020 жылы америкалық рэп орындаушы Ватски орнатқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама