×

18 жастағы жігіт мектепте 14 оқушы мен бір мұғалімді атып өлтірді

Жараланған 13 оқушыға медициналық көмек көрсетіліп жатқанын, оның екеуі Сан-Антонио қаласындағы ауруханаға жөнелтілген

 Халық үні 25.05.2022 | 06:37
Фото: inform.kz

АҚШ-тың Техас штатындағы Ювалд қаласында бастауыш мектепте атыс болып, 15 адам оққа ұшты. Бұл туралы штат губернаторы Грег Эбботтқа сілтемемен CBS телекомпаниясы хабарлады.

Губернатордың мәліметінше, оқ атқан 18 жастағы жергілікті тұрғын – Сальвадор Ромас. Күдікті оқиға орнына келген тәртіп сақшыларымен атыс кезінде қаза болды.

Жергілікті БАҚ келтірген дерекке сай, атыс Техас уақыты бойынша 12.00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағ. 23.00) басталған. Арада бір сағат өткен соң полиция атыс шығарған қаскөйдің көзін жойғанын мәлімдеген.

Бұған дейін ABC телеарнасы жараланған 13 оқушыға медициналық көмек көрсетіліп жатқанын, оның екеуі Сан-Антонио қаласындағы ауруханаға жөнелтілгенін хабарлаған. Бұдан бөлек, 45 жастағы тағы бір ересек адамға оқ тиіп жараланғанын жариялады.

Сальвадор Ромастың не себепті мұндай қылмысқа барғаны әзірше белгісіз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама