×

Үш адам көз жұмды: Қарағанды облысында қайғылы жағдай болды

Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде

 Халық үні 27.08.2023 | 22:41
коллаж: Halyq Uni

Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Halyq Uni

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 27 тамыз күні сағат 18:30 шамасында «Қарағанды - Аягөз - Бұғаз» тасжолында, Қарқаралы қаласынан 20 шақырым жерде Mercedes-Benz автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі, алдын ала болжам бойынша, көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен де, 45 жастағы азаматтың басқаруындағы Toyota Land Cruiser 100 автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты. 

Ал Toyota Land Cruiser 100-дің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция барша жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама