×

Кореяда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған қазақстандық ұсталды - БАҚ

Оқиға болған сәтте автобуста жолаушылар болмаған

 Халық үні 12.08.2023 | 20:45
Фото: insight.co.kr

Сеулде автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Ер адам жарақат алған. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Insight басылымы хабарлады.

10 тамызда Сеул полициясы Қазақстан азаматына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Басылым мәліметінше, 50 жас шамасындағы әйел өзімен шамалас жастағы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған. Салдарынан ер адам жарақат алған.

Полицияның хабарлауынша, әйел Ханнам көпірі ауданындағы Кенбу тасжолының аумағында жолға шығып кеткен. Осылайша, ол алда кетіп бара жатқан туристік автобустың жолын бөгеген.

Жүргізуші автобустан шыққан сәтте әйел оның білегіне пышақ сұғып алған. Біраз уақыттан кейін қазақстандық ұсталған. Басылымның жазуынша, оқиға болған сәтте автобуста жолаушылар болмаған. Ал зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама