×

Астанада теннистен Президент кубогы үшін халықаралық турнир басталды

Жарыста әуелі ATP Challenger Tour сериясы бойынша ерлер сынға түседі

 Дастан Жұмабекұлы 24.07.2023 | 11:55
фото: Қазақстан теннис федерациясы

Астанадағы Belline Arena ұлттық теннис орталығында теннистен дәстүрлі Президент кубогы халықаралық турнирі басталды.

Бұл турнирде әуелі ATP Challenger Tour сериясы бойынша ерлер сынға түседі. Одан кейін негізгі турнирде Қазақстан теннисшілерінен бірінші ракетка болып тіркелген Михаил Кукушкин кортқа шығады. Ол сайысты ресейлік Евгений Тюрневпен өткізеді.

Дмитрий Попко түркиялық Ақсу Чингизбен, Денис Евсеев жаңазеландиялық Рай Аджитпен, Тимур Мәуленов Польша өкілі Филипп Пиливомен, Ислам Орынбасар үндістандық Дев Прджвалмен ойнайды.

Жарысқа арнайы шақырту алған Арысланбек Айтқұлов іріктеу сайысында тәжірибелі өзбекстандық Денис Истоминмен, Виталий Зацепин Беларусь спортшысы Егор Герасимовпен, Григорий Ломакин ресейлік Евгений Филипповпен күш сынасады.

Сондай-ақ теннисшілердің жұптық сында да қарсыластары белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама