×

Астанада теннистен Президент кубогы үшін халықаралық турнирлер өтеді

Жарыс Beeline arena Ұлттық теннис орталығында 23 шілде-6 тамыз аралығында болады

 Дастан Жұмабекұлы 18.07.2023 | 16:30
Фото: ашық дереккөз

23 шілде мен 6 тамыз аралығында Астанада Президент кубогы Forte Series аясында Beeline arena Ұлттық теннис орталығында ATP Challenger Tour және ITF World Tennis Tour турнирлері өтеді.

Биыл Президент кубогы үшін жарыста ел намысын ерлер арасында Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Максим Батютенколар қорғайды.

Әйелдер арасында Гөзал Айнитдинова, Жібек Құламбаева, Аружан Сағындықова, Сандуғаш Кенжебаева мен басқа да теннисшілер өнер көрсетеді.

Бұл турнирде кезінде қазір әлемдегі үздік теннисшілердің қатарына кіретін Даниил Медведев (ATP №3), Андрей Рублев (ATP №7), Карен Хачанов (ATP №11), Себастьян Корда (ATP №28), Роман Сафиуллин (АТР №43), Миомир Кецманович (ATP №44), Макс Перселл (АТР №71) мен басқа да спортшылар бақ сынаған.

Президент кубогы 2007 жылы халықаралық мәртебеге ие болды. Әр жылдары қазақстандық Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев, украиналық Илья Марченко, австриялық Себастьян Оффнер, Германия құрамасының қазіргі капитаны Райнер Шуттлер, Австралия ашық чемпионаты мен «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы, хорватиялық Иван Додиг, жұптық сында «Үлкен дулыға» турнирінің екі дүркін чемпионы, қытайлық Чжан Шуай секілді теннисшілер үздік шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама