×

Теннисші Рахматуллаев Тегерандағы турнирдің жеңімпазы атанды

Ол жарыста барлық қарсыласын 6:0, 6:1 есебімен жеңді

 Дастан Жұмабекұлы 10.07.2023 | 13:30
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннисші Даниал Рахматуллаев Иран Ислам Республиксының астанасы – Тегеран қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J100 TEHRAN турнирінің жеңімпазы атанды.

Даниал Рахматуллаев (284 ITF Juniors) финалда корт иесі Амирали Гаваманы 6:0, 6:1 есебімен ұтты.

Жалпы, ол турнирде барлық қарсыласын да сол 6:0, 6:1 есебімен жеңді.

Даниал Рахматуллаев – Ақтау қаласы теннис мектебінің түлегі. Бұл – 16 жастағы жеңімпаздың Ирандағы екінші титулы. Бұдан бір апта бұрын ол тағы бір жарыста жеңімпаз атанған еді.

Қазақстандық келесі теннисші Жақас Қозыбақ жұптық сында үздік шықты. Ол ресейлік Дмитрий Буртцевпен бірге тартысты өткен соңғы бәсекеде Заңғар Нұрланұлы пен ирандық Криш Тиаджиді 7:6 (7:3), 3:6, 10:8 есебімен ұтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама