×

Уимблдон турнирі: Рыбакина екінші айналымға шықты (ВИДЕО)

Теннисші америкалық Шелби Роджерсті 6:4, 6:1, 6:2 есебімен ұтты

 Дастан Жұмабекұлы 05.07.2023 | 09:27
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты.

Биылғы жарыста Рыбакина басты фавориттерінің бірі болып саналады.

Қазақстан теннисшісі алғашқы айналымда әлемнің 49-ракеткасы, америкалық Шелби Роджерспен кездесіп, оны 6:4, 6:1, 6:2 есебімен ұтты.

Матчта Рыбакина 2:0 есебімен брейкпен алға шығып, сол басымдылығын сет біткенше сақтап қалды. Екінші сетте де теннисшіміз 5:0 есебімен брейкпен алға шығып, 6:4 есебімен жеңді.

Үшінші сетті де Рыбакина брейкпен бастап, есепті 6:2-ге жеткізді.

Ойын 1 сағат 43 минутқа созылды. Осы уақытта теннисшіміз 12 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Рыбакинаның ойынын «Үлкен дулыға» турнирінің 20 дүркін жеңімпазы Роджер Федерер мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігінің ханшайымы Кэтрин Миддлтон тамашалады.

Енді Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 74-ракеткасы, франциялық Ализе Корне немесе рейтингте 127-сатыда тұрған жапониялық Нао Хибиномен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама