×

Рыбакинаның суреті бейнеленген пошта маркасы шығарылды

Бұл – ел тарихында теннисшінің фотосы басылған алғашқы марка

 Дастан Жұмабекұлы 04.07.2023 | 15:21
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Әлемнің 3-ракеткасы, Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинаның суреті бейнеленген «Қазпошта» маркасы шықты. Бұл – ел тарихында теннисшінің суреті басылған алғашқы пошта маркасы.

Елена Рыбакина елімізде теннистің кеңінен таралуына және насихатталуына көп еңбек етіп келеді. Сондай-ақ әлемде еліміздің абыройын арттыруға өз үлесін қосып жатыр.

Теннисшінің суреті бейнеленген пошта маркасы «Спорт» сериясы бойынша «Қазақстан чемпиондары. Елена Рыбакина» деген тақырыппен шықты. Пошта маркасы офсеттік тәсілмен төрт бояумен басылған.

Бүгінде Рыбакина Уимблдон турниріне қатысуға дайындалып жатыр. Ол турнирдегі алғашқы ойынын әлемнің 49-ракеткасы, америкалық Шелби Роджерске қарсы өткізеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама