×

Қырғызстанда Серік Күдебаевтың қашып кетуіне қатысы бар 5 адам сотталды

Барлық айыпталушылар кінәсін мойындау туралы келісімге қол қойған

 Динара Амантай 03.07.2023 | 15:40
Фото: Т.me/kozachkow

Қырғызстан Республикасында генерал Серік Күдебаевтың қашып кету фактісі бойынша қылмыстық істің 5 қатысушысы сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Сайт дереккөзінің мәліметінше, бұған дейін барлық айыпталушылар кінәсін мойындау туралы келісімге қол қойған.

Істің 4 қатысушысы – бейбіт тұрғындар, екіншісі – ҰҚКД Шекара қызметінің бұрынғы қызметкері. Істі республиканың Әскери прокуратурасы жүргізді. Тергеу аяқталғаннан кейін материалдар сотқа жіберілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, барлық қатысушыларға 350 мың сом айыппұл салынды, – делінген дереккөз хабарламасында.

Еске сала кетсек, Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы генерал-майорға қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды.

Серік Күдебаевқа сот үкімі 10 наурызда шығуға тиіс еді. Алайда оның ауруханаға түскені хабарланды. Содан кейін сот процесі бірнеше рет кейінге қалдырылды. Содан кейін 3 сәуірде Талдықорғанда өткен сот отырысында прокурор Серік Күдебаевтың қылмыстық ісін тоқтатып, оған халықаралық іздеу жариялауды сұрады.

ҰҚК Шекара қызметі 27 наурызда Серік Күдебаевтың Қазақстаннан кеткенін білген. Оны іздестіруге Ұлттық қауіпсіздік қызметінің 300 қызметкері жұмылдырылған. 27 сәуірде Бас прокурор Берік Асылов Күдебаевтың ұсталғанын растады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама