×

Серік Күдебаевқа сот үкімі шықты

Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

 Халық үні 28.04.2023 | 16:47
Серік Күдебаев, фото: Талдықорғандағы сот отырысынан

Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Серік Күдебаевқа сот үкімі 10 наурызда шығуға тиіс еді. Алайда оның ауруханаға түскені хабарланды. Содан кейін сот процесі бірнеше рет кейінге қалды.

Бүгін соттың үкімімен Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Содан кейін 3 сәуірде Талдықорғанда өткен сот отырысында прокурор Серік Күдебаевтың қылмыстық ісін тоқтатып, оған халықаралық іздеу жариялауды сұрады.

ҰҚК Шекара қызметі 27 наурызда Серік Күдебаевтың Қазақстаннан кеткенін білген. Оны іздестіруге Ұлттық қауіпсіздік қызметінің 300 қызметкері жұмылдырылған. 27 сәуірде Бас прокурор Берік Асылов Күдебаевтың ұсталғанын растады.

Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама