×

Күдебаев ісі: прокурор қылмыстық істі тоқтатып, оған іздеу жариялауды сұрады

Бұған дейін Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевтың сотқа мәжбүрлеп жеткізілетіні хабарланды

 Халық үні 03.04.2023 | 10:45
Серік Күдебаев, фото: Талдықорғандағы сот отырысынан

Талдықорғанда өткен сот отырысында прокурор Серік Күдебаевтың қылмыстық ісін тоқтатып, оған іздеу жариялауды сұрады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұған дейін Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевтың сотқа мәжбүрлеп жеткізілетіні хабарланды.

Серік Күдебаевқа сот үкімі 10 наурызда шығуға тиіс еді. Алайда оның ауруханаға түскені хабарланды. Содан кейін сот процесі бірнеше рет кейінге қалды.

Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама