×

Серік Күдебаев cот үкімі шығатын күні ауруханаға түсті

Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

 Халық үні 10.03.2023 | 14:25
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев ауруханаға түсті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратты Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі растады.

10 наурызда Күдебаевқа сот үкімі шығуға тиіс болған. Алайда сотталушының сот отырысына келе алмауына байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды.

Бұған дейін Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевтың сотында прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айта кетейік, 58 жастағы полиция генерал-майоры Серік Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын.

Тергеу мәліметтері бойынша, ол 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаментінің ғимаратынан шығып кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама