×

Серік Қүдебаев сотқа мәжбүрлеп жеткізілетін болды

Бұрын Алматы облысы полициясын басқарған Күдебаев қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған еді

 Халық үні 30.03.2023 | 13:51
Серік Күдебаев, фото: Талдықорғандағы сот отырысынан

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлеп жеткізіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Серік Күдебаевқа сот үкімі 10 наурызда шығуға тиіс еді. Алайда оның ауруханаға түскені хабарланды. Содан кейін сот процесі бірнеше рет кейінге қалды.

Жетісу облысы сотының хабарлауынша, қылмыстық іс бойынша сот отырысы 3 сәуір сағат 10:00-де өтеді.

Сотталушы сот отырысына келмеді. Сотталушыда бұған дәлелді себеп жоқ. Соған байланысты қылмыстық-процестік кодекстің 157 және 335 бабына сәйкес, Серік Күдебаевты көрсетілген уақытта мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарылды, - делінген ақпаратта.

Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама