×

Бакуде атыс болып, үш адам зардап шекті

Оқиға орнында криминалист мамандар жұмыс істеп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 10.03.2023 | 17:57
фото: ашық дереккөз

Әзербайжанның астанасы – Баку қаласында атыс болып, үш адам зардап шекті.

Әзербайжан Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, атыс қаланың орталығында – Баку мемлекеттік циркінің жанында болған. 

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, зардап шеккендердің бірі – студент. Оқиғаның себебі мен жаралылардың жағдайы нақтыланбаған. 

Полицияға қала орталығының Насими ауданында атыстан үш адамның зардап шеккені туралы ақпарат келіп түсті, - делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін жергілікті БАҚ қарулы оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің криминалист мамандары жұмыс істеп жатқанын хабарлаған. Осы жағдайға байланысты бүкіл аумақты полиция қоршауға алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама