×

Түркияда құрылыс компанияларына қатысты тергеу басталды

Өз істеріне жауапсыз қарап, ғимаратты тұрғызғанда тиісті талаптарды сақтамағандар қатаң жазаланады

 Дастан Жұмабекұлы 10.02.2023 | 14:51
фото: ашық дереккөз

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқан адамның саны 18 мыңға жақындады. Ал жарақат алғандар 73 мыңға жетті.

Қазір зілзала болған жерде іздестіру-құтқару жұмыстары болып жатыр. Күн суытып, құтқарушылар жұмысы да қиындап барады. Түркияға 75 елден құтқарушылар барса да адам саны жетіспейтіні де көрініп отыр. Қолда бар мәліметке қарағанда, кейбір аудандардағы үйлер түгелімен қирап қалған.

Сарапшылар жойқын жер сілкінісі 13 миллионнан аса адам тұратын аумақты қамтығанын айтады. Жер сілкінісі салдарынан Қахраманмараш, Килис, Диарбакыр, Адана, Османие, Газиантеп, Шанлыурфа, Адияман, Малатья мен Хатай қалаларында ғимараттар қираған.

Түркияның Әділет министрлігі зілазала болған аймақтардағы үйлер мен ғимараттарды салған барлық құрылыс компанияларына қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді. Осы мекеменің басшысы Бекир Боздагтың айтуынша, өз істеріне жауапсыз қарап, ғимаратты тұрғызғанда тиісті талаптарды сақтамағандар қатаң жазаланады.

Түркияда табиғат апатынан 6,5 мыңнан аса нысан қираған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама