×

Түркиядағы жер сілкінісінен із-түзсіз жоғалған тағы бір қазақстандықтың мәйіті табылды

Құтқарушыларымыз Мирболат Құрмашевті үйінді астынан алып шыққан

 Халық үні 10.02.2023 | 06:30
ашық дереккөзден

Түркияда жоғалған Мирболат Құрмашевтің мәйіті табылды.

Бұл жайында Түркияның Хатай қаласында жер сілкінісінен кейін хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтарды іздеуге аттанған бастамашыл топ Telegram парақшасында мәлімдеді.

Біз одан айырылып қалдық, –  деп жазылған хабарламада.

Құтқарушыларымыз Мирболат Құрмашевтің мәйітін үйінді астынан алып шыққан.

«Құтқарушыларымыздың көмегімен Түркияның Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттан екінші отандасымыздың денесі шығарылды.  Іздестіру кезінде құтқарушылар алдын ала белгіленген орыгнға жету үшін барынша жедел түрде арнайы ойық жасады. Құтқарушылар бос орындар арқылы ойықтың ішіне кірді. Бұл ретте құтқарушылар құрылымдық элементтер қайта құламас үшін тосқауылда кішкентай саңылау жасауға тырысты, үйіндіде қауіпті учаскелерді бекітті, үйінді бөлшектерін көтеріп, жылжытты»,  – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Бұған дейін Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирболат Құрмашевтің Түркияда жоғалып кеткені хабарланған еді.

Жер сілкінісінен кейін онымен байланыс үзілген.

Оның ағасы Алмат Құрмашевтың айтуынша, зілзала кезінде ол Түркияның Хатай қаласында болған.

Кейін Мирболат Құрмашевтің тағы үш әріптесі байланысқа шықпай қалды. Оның екеуі қазақстандықтар және бірі – Түркия азаматы.

Оның ішінде Сабина Мамадьярова аман табылды. Кеше Әділ Қадірбековтің денесі үйінді астынан шығарылды. Үшінші адам –  Түркия азаматы да мерт болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама