×

Түркияда жер сілкінісінен 12 391 адам қаза тапты

Сирияда 2,5 мыңнан астам адам көз жұмды

 Дастан Жұмабекұлы 09.02.2023 | 09:45
фото: ашық дереккөз

Түркияның Төтенше жағдайлар мен апаттар жөніндегі басқармасының (AFAD) хабарлауынша, Кахраманмараштағы жер сілкінісінен 12 391 адам қаза тауып, 62 914 адам жарақат алды.

Бұған дейін хабарланғандай, 6 ақпан күні Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жергілікті уақыт бойынша сағат 04.17-де 7,8 балдық жойқын жер сілкінісі болған.

Жер сілкінісі Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте тіркелген. Зілзала соңынан жүздеген афтершок қайталанды. Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясы мен көршілес елдерде сезілді. Соның ішінде Сирияда зілзала Түркиядан кейін қатты болды. Бұл елде кем дегенде 2,5 мыңнан астам адам көз жұмып, 4,6 мың адам жарақат алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама