×

Түркияда тағы да жер сілкінісі болды

Тереңдігі – 60 шақырым

 Халық үні 09.02.2023 | 07:37
Фото: aa.com.tr

Сәрсенбі күні Түркияның шығыс бөлігінде 5,4 магнитудасымен жер сілкінді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Дерекке сәйкес, жерасты дүмпуінің ошағы 31,4 мың халқы бар Буланык қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 33 шақырым жерде орналасты. Тереңдігі – 60 шақырым.

Еске салайық, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 7,7 магнитудасымен жер сілкінісі болды. Зілзала соңынан жүздеген афтершок қайталанды. Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді.

Соңғы мәлімет бойынша Түркияда қаза болғандар саны 9 мыңнан асты, 52 мыңнан астам адам зардап шекті. Сирия денсаулық министрлігінің ақпаратына сүйенсек, елде кем дегенде 2,5 мың адам көз жұмды, 4,6 мың адам жарақат алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама