×

Атырауда 3 адамды атып өлтірген күдіктінің екі тапаншасы табылды

Күдікті ретінде ұсталған 29 жастағы Маңғыстау облысының тумасы қамауға алынды

 Айнұр Асылбекқызы 21.03.2022 | 16:43
скриншот: видео

15 наурызда шамамен кешкі сағат 22:00-де Атырау қаласында болған атыстан (тапаншадан) үш адам қаза тауып, бір адам жарақат алды. Қайғылы оқиғадан кейін күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті ұсталған кезде тапаншасы болмаған еді. Полицейлер жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, 19 наурызда теректің түбінен екі тапаншаны тапты. Тапаншалар атыс болған шағын ауданда өсіп тұрған теректің бірінің түбіне жасырылған. Қазір екі тапанша сараптамаға жолданды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Оқ тиген екі жігіт оқиға орнында қаза тапқан. Олар - 22 жастағы Атырау қаласының тұрғыны және 26 жастағы қала іргесіндегі Еркінқала ауылының тұрғыны. Біріншісінің арқа тұсына төрт оқ, ал екіншісіне үш оқ тиген.

Жарақат алып, ауруханаға жеткізілген 26 жастағы жігіт те Еркінқала ауылынан. Ол қазір өте ауыл халде облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Әлі есін жиған жоқ – комада.

Кейінірек жедел-тергеу тобы атыс болған жерге жақын маңдағы мейрамхананың жанынан тағы бір мәйітті тапты. Оның арқасына екі оқ және желкесіне бір оқ тиген. Кейінірек оның үш адамды атып тастаған күдіктіні оқиға орнына жеткізген Chance маркалы автокөліктің 23 жастағы жүргізушісі екені анықталды. Жүргізуші оқ атқанын көрген соң оқиға орнынан қашып, Құрманғазы көшесінің бойымен «Бунгало» мейрамханасына қарай бет алған. Сонда оқ атқан 28 жастағы күдікті оның ізіне түсіп, оны да атып өлтірген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама