×

Ауа райының нашарлауына байланысты тас жолдардың 61 учаскесі жабылды

Барлығы 143 техника елді мекендерден шығаберісте тас жолдардың ашылуын күтіп отыр

 Динара Амантай 09.01.2023 | 10:05
Фото: aikyn.kz

Ауа райының нашарлауына (боран, нашар көріну, көктайғақ) және жол төсемін тазартуға байланысты, бүгін тас жолдардың 61 учаскесі, оның ішінде 26 республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Автокөліктердің жиналуы келесі өңірлерде байқалады:

1) Астана (8 көлік), Астана-Щучинск (8 жүк көлігі);

2) Ақтөбе облысы (30 көлік), Ақтөбе-Қарабұтақ (30 көлік);

3) Абай облысы (85 көлік), Қалбатау ауылынан шығу (46 көлік), Көкпекті-Қалбатау (39 көлік);

4) Павлодар облысы (20 көлік), Шідерті-Қарағанды (20 көлік);

Барлығы 143 техника елді мекендерден шығаберісте тас жолдардың ашылуын күтіп отыр.

ТЖМ мәліметінше, өткен тәулікте 37 адам, оның ішінде 9 бала эвакуацияланған.

Еске сала кетсек, бұған дейін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 6 өңірде автожолдардың 16 бөлігі ашылғанын хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама