×

6 облыста ашылған жолдардың тізімі жарияланды

Олар таңғы сағат 8.00-ден бастап ашылған

 Дәурен Ерболат 09.01.2023 | 09:20
Фото: gorzavod.ru

Бүгін 6 өңірде автожолдардың 16 бөлігі ашылды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.

Ұлытау облысында:

  • «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Жезді ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралығы;

Қарағанды облысында:

  • «Қызылорда-Павлодар» тасжолының Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралығы;
  • «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолының Қарағандыдан Ботақара кентіне дейінгі аралығы;
  • «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» тасжолының Павлодар облысының шекарасынан Ботақара кентіне дейінгі аралығы;
  • «Бастау-Ақтау-Теміртау» тасжолының Бастау ауылынан Теміртау қаласына дейін.

Павлодар облысында:

  • «Қызылорда-Павлодар» тасжолының Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралығы;
  • «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» тасжолының Баянауыл ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін;
  • «Омбы-Майқапшағай» тасжолының Кенжекөл ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі аралығы.

Қостанай облысында:

  • «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Ұлытау облысының шекарасынан Арқалыққа дейінгі аралығы ашық.

Абай облысы:

  • «Омбы-Майқапшағай» тасжолының Павлодар облысының шекарасынан Семейге дейінгі аралығы;
  • «Өскемен-Семей» тасжолының Герасимовка (ШҚО) ауылынан Семей қаласына дейін (Абай облысы).

Ақмола облысында:

  • «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Қостанай облысының шекарасынан Державинскке дейін;
  • «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Державинсктен Сурган ауылына дейін;
  • «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» тасжолының Қостанай облысы шекарасынан Сурган ауылына дейін;
  • «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Жақсы ауылынан Атбасарға дейін;
  • «Жақсы-Есіл-Бузулук» тасжолының Жақсы ауылынан Бузулук ауылына дейінгі аралық.

Айта кетейік, бұған дейін 9 облыста жолдар жабылғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама