×

Каирдегі «Мекке құбыласы» компасында Түркістан мен Байқоңыр атауы жазылған

Бұл туралы Қазақстанның Египеттегі төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф жазды

 Айнұр Шошаева 09.03.2022 | 10:43
фото: facebook.com/kairat.lamasharif/

Орта ғасырларда мұсылман жиһангерлері мен қажылар түнде жұлдыздарға қарап жол жүрсе, күндіз «Мекке құбыласы» атты компасқа қарап сапар шеккен екен. «Мекке құбыласы» компасы мұсылман жолаушыларын адастырмай, Меккедегі Кағбаны тауып беріп отырған. Бұл туралы Қазақстанның Египеттегі төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф жазды.

Саяхатшылар мен саудагерлер басып өткен елді мекендерді дөңгелек компастың екінші жартысына ұсақ араб жазуымен жазып отырған. Каир қаласындағы Ислам өнері музейінде сақтаулы «Мекке құбыласы» компасында Қазақстандағы Түркістан мен Байқоңыр елді мекендерінің аттары жазылған.

Құдай бұйырса, алдағы уақытта үлкейткіш лупа-әйнектердің көмегімен ұсақ араб жазуларды толық оқып, бұл бағытта көне елді мекендеріміздің табылған атауларын жариялап тұрамыз, - деп жазды елші.

Қайрат Лама Шариф 2020 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның Египеттегі елшісі болып тағайындалды. Филолог-арабист, шығыстанушы ғалым. Бұған дейін бірқатар мұсылман елдерінде елші қызметін атқарды. 2011-2013 жылдары ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама