×

Бүгін Астана мен Алматы қалаларында ауа сапасы нашарлайды

 Динара Амантай 26.11.2022 | 09:15
Фото: nur.kz

Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

26 қараша күні Астана, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген синоптиктер мәліметінде.

Еліміздің өзге қалаларында ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама