×

ШҚО-да қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды

Құтқарушылар жүргізушілерге сақ болуға кеңес береді

 Дәурен Ерболат 20.11.2022 | 22:33
фото: ТЖД

Шығыс Қазақстанда облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған 6 адам құтқарды, деп хабарлады Halyq Uni

ШҚО ТЖД-ның мәліметінше, оқыс оқиға Глубокое ауданы Сержиха мен кіші Үлбі өзендерінің түйіскен жерінде болған. Nissan Patrol және УАЗ көліктері жүре алмай, қарда тұрып қалған. Онда 4 ересек пен 2 бала отырған.

«Құтқарушылар жолаушыларға көмектесу үшін жол талғамайтын «ТРЭКОЛМЕН» көлігімен барды. Олар барлық адамды эвакуациялап, Өскеменге жеткізді. Жолаушылар демалыс орнынан көліктерімен жолға шыққан. Алайда тәулік бойы қар жауу салдарынан автомобильдері қарға тұрып қалған», - деп жазылған хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, қар тағы бір күн жаууы мүмкін.

ШҚО ТЖД қыста жүргізушілерге жолда қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама