×

Президент сайлауы: қанша қазақстандық дауыс берді?

Қазақстанда 11 млн 950 мыңнан аса адамның дауыс беруге құқығы бар

 Дәурен Ерболат 20.11.2022 | 22:23
Фото: Halyq Uni

Кезектен тыс президент сайлауында шамамен 8,3 млн қазақстандық дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 20.00-дегі мәлімет бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алды. Ол – тізімге енгізілген азаматтардың 69,43%-ы, - деді ол.

Оның ішінде:

  • Абай облысы – 80,18%,
  • Ақмола облысы – 78,87%,
  • Ақтөбе облысы – 72,81%,
  • Алматы облысы – 72,10%,
  • Атырау облысы – 70,87%,
  • Батыс Қазақстан облысы – 68,67%,
  • Жамбыл облысы – 79,57%,
  • Жетісу облысы – 81,42%,
  • Қарағанды облысы – 78,39%,
  • Қостанай облысы – 79,28%,
  • Қызылорда облысы – 81,07%,
  • Маңғыстау облысы – 66,99%,
  • Павлодар облысы – 77,58%,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 79,01%,
  • Түркістан облысы – 80,37%,
  • Ұлытау облысы – 75,48%,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 79,49%,
  • Астана қаласы – 48,60%
  • Алматы қаласы – 28,72%
  • Шымкент қаласы – 59,79%.

Бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлау өтті. Барлық өңірде 10 мыңнан аса сайлау учаске жұмыс істеді.

Шетелде 7,4 мың қазақстандық дауыс берді.

Айта кетейік, бұған дейін қай өңірлерде сайлаушылардың белсенділігі төмен екені белгілі болған еді.

Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтардың жартысынан көбі дауыс бергенін хабарлаған.

Еске салайық, сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Қазақстанда 11 млн 950 мың 485 адам дауыс бере алады. Сайлауға 6 кандидат қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама