×

Президент сайлауы: қай өңірлерде сайлаушылардың белсенділігі төмен?

Таңғы 7-ден бері 7,4 млн қазақстандық бюллетень алды

 Дәурен Ерболат 20.11.2022 | 16:19
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда өтіп жатқан кезектен тыс президент сайлауында халықтың 62,34%-ы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республиканың 7 450 395 азаматы бюллетень алды. Ол – тізімге енгізілген азаматтардың 62,34%-ы, - деді ОСК мүшесі.

Алматы қаласы, Алматы және Маңғыстау облыстарында сайлаушылардың белсенділігін төмен:

  • Абай облысы – 73,57%,
  • Ақмола облысы бойынша – 71,38%,
  • Ақтөбе облысы – 68,81%,
  • Алматы облысы – 55,11%,
  • Атырау облысы – 60,87%,
  • Батыс Қазақстан облысы – 54,62%,
  • Жамбыл облысы – 68,74%,
  • Жетісу облысы – 68,88%,
  • Қарағанды облысы – 71,89%,
  • Қостанай облысы – 71,38%,
  • Қызылорда облысы – 72,88%,
  • Маңғыстау облысы – 59,61%,
  • Павлодар облысы – 72,73%,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 72,21%,
  • Түркістан облысы – 80,09%,
  • Ұлытау облысы – 72,75%,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 68,42%,
  • Астана қаласы – 44,39%
  • Алматы қаласы – 26,19%
  • Шымкент қаласы – 56,28%.

Сондай-ақ ол шетелде дауыс беру нәтижесіне тоқталды.

Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Бразилияда дауыс беру басталды. Шетелдегі 68 сайлау учаскесінің 64-інде дауыс беру жүргізіліп жатыр. АҚШ пен Канададағы сайлау учаскелері уақыт айырмашылығына байланысты кешірек ашылады, - деді Анастасия Щегорцова.

Бұған дейін сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс бергені хабарланған еді.

Айта кетейік, сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Қазақстанда 11 млн 950 мың 485 адам дауыс бере алады. Ал президенттікке 6 кандидат түсіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама