×

Қылмыс жасаған соң үйдің кіреберісінен қашып шыққан ер адам полицейлердің қолына түсті

26 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Халық үні 25.10.2022 | 09:36
фото: Polisia.kz

Елордалық полицейлер тонау қылмысын ашты, деп хабарлайды Polisia.kz

Түнгі уақытта астаналық азамат үйіне қайтып келе жатқан кезде оған белгісіз біреу жақындап, ақша талап ете бастаған. Жігіт ақша беруден бас тартса да, күдікті соңынан еріп, кіреберісте оны ұра бастаған. 

Баспалдақтағы қатты айқайды естіген көршісі пәтерінен шығып, тонаушыны қорқытып жіберген. Шабуылдаушы жәбірленушінің қолынан рюкзагын жұлып алып, қаша жөнелген. Алайда далада ол шақыруға келген полицейлердің қолына түсті. 

Патрульдік полицейлер Халқаман Ахметов мен Рауан Қайдаров күдікті жігітті ұстаған. Осы кезде жәбірленуші мен қылмыстың куәгері далаға шығып, тонаушыға нұсқаған. Мас күйде болған күдікті полицейлерге қарсылық көрсетуге тырысқан, бірақ полицияға жеткізілді. 

Ұрланған рюкзак иесіне қайтарылды. Ұсталған адам бұрын сотталған қаланың 26 жастағы тұрғыны болып шықты, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта «Тонау»бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама