×

Британия Украинаға дәл тигізетін қорғаныс қаруларын жібереді

Бейбіт тұрғындарға қарсы соққыларға лайықты жауап қайтарылуы тиіс

 Дастан Жұмабекұлы 17.10.2022 | 16:01
фото: ашық дереккөз

Ұлыбритания Ресейдің бейбіт халықты зымыранмен қырып жатқаннан кейін Украинаға жоғары технологиялы ракетаға қарсы қорғаныс жүйесін беруді жоспарлап отыр.

Бұл туралы The Moskou Times хабарлады.

Генерал Бен Уоллестің айтуынша, енді Путиннің Украинаның бейбіт тұрғындарына қарсы бей-берекет берген соққыларына лайықты жауап қайтарылуы тиіс.

Осыған байланысты Ұлыбритания Владимир Путиннің бейбіт халыққа жасаған қанды да қатыгез шабуылына қарсы тұра алуы үшін бар күшін салып, Украинаға ракетаға қарсы жоғары технологиялы қорғаныс жүйесін жөнелтетін болады, –  деді ол.

Ресей ракеталары өткен аптада 40-тан астам қаланы атқылады.

РФ әскері Ираннан сатып алынған орта қашықтықты «әуе-жоғары деңгей» класты қанатты жетілдірілген зымырандарды, дрондар мен зенитті басқарылатын ракеталарды пайдаланды.

Енді Ұлыбритания Украинаға аспандағы қанатты зымырандарды атып түсіре алатын орта қашықтықты жетілдірілген «әуе-әуе» класты ракеталарын жіберуге тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама