×

Токио Олимпиадасының жүлдегерлері «Дарын» сыйлығымен марапатталды

«Дарын» сыйлығының биылғы лауреаттары анықталды

 Халық үні 24.11.2021 | 14:16
Игорь Сон, ауыратлет

Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының биылғы иегерлерін Сенат спикері Мәулен Әшімбаев пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марапаттады. «Дарын» сыйлығы биыл да 10 номинация бойынша берілді.

Сонымен «Дарын-2021» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарының тізімі мынадай:

  • «Ғылым» номинациясы бойынша сыйлық иегері – Нұрғиса Аманкелдіұлы Есіркегенов;
  • «Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша лауреат – Балмейір Сансызбайұлы, Бахретдинов Валихан Кабимуллаевич;
  • «Журналистика» номинациясы бойынша – Ғалымжан Бауыржанұлы Кеңшілік, Ақбөбек Нұрбаулықызы Тұлжан;
  • «Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша – Ардақ Тимурұлы Елеусіз, Темірлан Мақсатұлы Олжабай, Ернат Нұрбергенұлы Наурыз;
  • «Классикалық музыка» номинациясы бойынша – Алтынбек Еркінбайұлы Әбілда;
  • «Театр және кино» номинациясы бойынша – Ақмарал Нұрайқызы Танабаева, Риза Қанатқызы;
  • «Спорт» номинациясы бойынша – зілтемірші Игорь Сергеевич Сон, дзюдошы Елдос Бақтыбайұлы Сметов;
  • «Эстрада» номинациясы бойынша – Рухия Еділқызы Байдүкенова, Әлібек Бекболатұлы Алмадиев;
  • «Әдебиет» номинациясы бойынша – Батырхан Бөріханұлы Сәрсенхан, Біржан Ермекұлы Ахмер;
  • «Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясында – Әлібекұлы Бекболатов Атабек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама