×

«Бәйтеректің» 4 басшысына 1 жылда 300 млн теңгеге жуық қаржы төленген

Бұл сома салық төлегенге дейін көрсетілген

 Еркеғали Болатұлы 24.08.2022 | 15:17
фото: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басшыларына 2021 жылы 292,4 миллион теңге төленген. Бұл ақпарат Қазақстан қор нарығының сайтына жарияланды.

Сайт мәліметінше, бұл сома салық төлегенге дейін көрсетілген және оған 2021 жылдың қорытындысы бойынша лауазымдық жалақы мен сыйақы, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік мерекесіне арналған сыйлықақылар кіреді.

«Бәйтерек» холдингінің ресми сайтында басқарма мүшелері ретінде төрт адам көрсетілген. Олар: басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев, төрағаның бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов, төрағаның тағы екі орынбасары Әділ Мұхамеджанов пен Ерсайын Хамитов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама