×

Кей сала қызметкерлеріне 55 жастан бастап әлеуметтік төлем төленеді

Президент парламенттен үкіметтің ұсыныстарын жедел қарауды сұрады

 Халық үні 01.09.2023 | 13:03
Фото: Halyq Uni

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жыл соңына дейін қауіпсіз жерде еңбек ету тұжырымдамасын қабылдауды тапсырды. Құжат 2030 жылға дейінгі аралықты қамтуға тиіс.

Бұл тұжырымдама жұмыс орнындағы жарақат алу жағдайларын болдырмауға бағытталуы керек.

«Менің тапсырмам бойынша Үкімет зиянды жағдайда ұзақ уақыт жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қолдау тетігін әзірледі. Мәселе көптен бері талқыланып келеді және шешімі табылды. Салалардың дамуына қосқан елеулі үлесін және денсаулыққа зиян келгенін ескеріп, мұндай қызметкерлерге зейнет жасына толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем төленетін болады. Парламенттен Үкіметтің ұсыныстарын жедел қарауды сұраймын. Адамдар бұл мәселені шешуді күтіп жүр», - деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама