×

Жаңаөзеннің үшжылдық бюджеті 5 млрд теңгеге артатын болды

Құжат 19 сәуірге дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтына жарияланды

 Еркеғали Болатұлы 14.04.2023 | 16:39
фото: ашық дереккөз

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №27/206 «2023-2025 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, облыстық бюджеттен трансферттер түсуінің арқасында қалалық бюджет 4 954 806 мың теңгеге артады.

Жалпы қала бюджеті 17 138 606 мың теңге болады. Бұған дейін ол 11 638 218 мың теңге сомасында бекітілген еді.

Құжат 19 сәуірге дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтына жарияланды.

Еске сала кетсек, 10 сәуірден бастап Астанада мұнай саласының сервистік компаниясы қызметкерлерінің тобы «ҚазМұнайГаз»АҚ ғимаратының алдында рұқсат етілмеген митинг өткізген еді. Ал Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов Астанада ұсталғандарды босатуды талап етіп, алаңға жиналған тұрғындарға әлеуметтік желі арқылы үндеу жолдады.

Кейін «Берәлі» компаниясының наразылық білдірген мұнайшылары Жаңаөзенге қайтарылды. Сондай-ақ Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев 12 сәуірде Мәжіліс кулуарларында Жаңаөзеннен келген 5 мұнайшының Астанада ереуіл ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама