×

Жаңаөзеннен келген 5 мұнайшы әкімшілік жауапқа тартылды – Бас прокуратура

Астанада наразылыққа шыққан мұнайшылар Жаңаөзенге қайтты

 Дәурен Ерболат 12.04.2023 | 10:52
фото: ulysmedia

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Астанада наразылыққа шыққан «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері қамаудан босатылып, пойызбен Жаңаөзен қаласына кеткенін айтты. Ведомсто өкілінің айтуынша, митинг өткізу ережелерін бұзғаны үшін 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Астанада полиция барлығы 126 мұнайшыны ұстады. Оның ішінде белсенді 5 мұнайшы митинг өткізу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды әрі оларға ескерту жасалды. Ұсталған адамдардың барлығы босатылып, өз өңіріне жіберілді, - деді Жандос Өмірәлиев.

Еске сала кетейік, 10 сәуірде Энергетика министрлігі ғимаратының алдына 70-ке жуық жаңаөзендік мұнайшы жиналды.

11 сәуірже Энергетика министрлігі алдына жиналған бір топ жаңаөзендік мұнайшыларды полиция ұстап әкетті.

Кейін наразылыққа шыққан мұнайшылардың көшбасшылары мәлімдеме жасап, екі жақ келісімге келгенін хабарлады.

12 сәуірде «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері қамаудан босатылып, пойызбен Жаңаөзен қаласына кетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама