×

Мұнайшылар қамаудан босатылып, Маңғыстау облысына қайтты (ВИДЕО)

Жаңаөзендіктер барша қолдаған халыққа алғыс айтты

 Дастан Жұмабекұлы 12.04.2023 | 09:21
фото: ашық дереккөз

«БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері қамаудан босатылып, пойызбен Жаңаөзен қаласына жол жүріп кетті. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясы хабарлады.

«ҚазМұнайГаз» компаниясының байланыс тобы мен «БерӘлі Маңғыстау Company» өкілдері арнайы жұмыс комиссиясын құру туралы келісімге келді. Ол комиссия «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің талаптарын заң аясында шешу үшін қарастыратын болады. Комиссия құрамына «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің 10 адамы кіреді. Құқық қорғау органдары ұстаған қалған мұнайшылар қамаудан босатылып, Астана уақыты бойынша 8:57-де пойызбен Жаңаөзен қаласына жол жүріп кетті, – делінген хабарламада.

Жаңаөзендік мұнайшылар Астана-1 теміржол вокзалынан (ескі вокзал, – ред.) барша қолдаған халыққа алғыс айтып аттанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама