×

Су тасқынынан үйсіз қалған Ақмола тұрғындары тамыздың ортасына дейін баспанамен қамтылады

Жергілікті билікке осындай тапсырма берілді

 Қымбат Елтайқызы 08.05.2024 | 09:00
фото: sputnik.kz

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақмола облысының баспанасыз қалған барлық тұрғындарын тамыз айының ортасына дейін қоныстандыруды тапсырды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бозымбаев Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен су тасқыны салдарын жою бойынша кеңес өткізді.

Үкімет мәліметінше, Ақмола облысында барлығы 1817 үй су астында қалды, оның 359-ы апатты деп танылса, қалған үйлер жөндеуге болатын баспаналар санатына жатады.

Өңірдегі үйлерді жөндеу мен салуға барлығы 10,5 млрд теңге қажет. Оның 6 млрд теңгесін жеке компаниялар бөледі. Алдағы уақытта шамамен 4 млрд теңге табу қажет. Әкімдіктің алдына 15 тамызға дейін су тасқынынан зардап шеккен Ақмола облысының барлық тұрғындары жөнделген және жаңадан салынған немесе сатып алынған үйлерге кіруі тиіс деген міндет қойылды. Жұмыс кестесі бар, мердігерлер анықталып, барлық тиісті қаражат бөлінеді», - деді вице-премьер.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды су басқан аймақтардан көшіру үшін Атбасар ауданының Атбасар қаласында 45 пәтерлі екі тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Бұланды және Жарқайың аудандарында 87 жеке үй салынбақ.

«Біз ТЖ режимі жарияланған өңірлерде: Көкшетауда - 89, Жарқайың ауданында - 27, Есіл ауданында – 22, Астрахан ауданында – 34 және Жақсы ауданында - 10 дайын пәтер мен үйлерді сатып алатымыз. Қауіпсіз аймақта барлығы 182 үй сатып алу жоспарланып отыр», - деді Ақмола облысының басшысы.

Сондай-ақ, жергілікті билік облыстың жол және инженерлік инфрақұрылымын қайта жаңғыртуы керек. Бұл мақсаттарға Үкімет резервінен қаражат бөлінеді. Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша автожолдарды, көпірлер мен электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары шілде айында аяқталуы тиіс.

Депутат су астында қалған саяжай иелеріне өтемақы беруді ұсынды. Су тасқыны: Арқалықтан 400 млн теңгеге 31 пәтер сатып алынды. СҚО-да тасқыннан зардап шеккендерге 100 жаңа үй салына бастады. Тасқыннан келген залалды өтеуге 21 мыңнан аса қазақстандық өтінім берді. Тасқыннан зардап шеккендердің несиесін кешіру керек - Алтай Абибуллаев (ВИДЕО). Үйін су басқан ауыл тұрғындарын ешкім күштеп қалаға көшіре алмайды – Құрылыс министрлігі. Мемлекет тек үй салып береді, қора-қопсыны қалпына келтіруге ресурсымыз жетпейді – министр. Мемлекет үй салуға бөлінетін 22 млн теңгені ешкімнің қолына ұстата салмайды – министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама