×

Мемлекет тек үй салып береді, қора-қопсыны қалпына келтіруге ресурсымыз жетпейді – министр

Министрдің айтуынша, мемлекет қаржысы тиімді жұмсалуға тиіс

 Дәурен Ерболат 23.04.2024 | 12:36
көрнекі фото: akorda.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқыны салдарынан бүлінген қора-қопсы мен үй ауласын қалпына келтіру бюджет қаржысы есебінен жүргізілмейтінін айтты айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Қазір тасқыннан зардап шеккендерге 100 АЕК (369 200 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) өтемақы берілді. Бірақ ауланы, қораларды және тағы басқасын қайта салып бере алмаймыз. Өйткені, басты мақсатымыз – халықты баспанамен қамтамасыз ету», - деді Қанат Шарлапаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министрдің айтуынша, мемлекет қаржысы тиімді жұмсалуға тиіс.

Біздің ойымызша, ең алдымен халықты баспанамен қамтамасыз ету керек. Басқасын қайта тұрғызбаймыз. Оны түсіну керек. Себебі, көп адам үйсіз қалды. Менің ойымша, аз ресурсты қораға, басқа мәселеге жұмсауға болмайды, - деді ведомство басшысы.

Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі мемлекет үй салуға бөлінетін 22 млн теңгені ешкімнің қолына ұстата салмайтынын айтқан

Серіктес жаңалықтары

Сараптама