×

Экс-елші: Қазақстанда құрылыс салуға рұқсат алу Түркиядан қиын

Абзал Сапарбекұлы Қазақстандағы құрылыс нысандары түгел тексерілуі керек деп есептейді

 Халық үні 23.02.2023 | 12:49

Қазақстанда құрылыс салу Түркияға қарағанда қиын. Анадолы елінде Қазақстандағыдай қатаң тексеру жоқ. Түркияда заңсыз салынған нысандарға қатысты амнистия жарияланған. Қазақстанда ондай болған жоқ. Қазақстанның Түркиядағы бұрынғы елшісі, қазіргі «Отандастар Қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы «Сұрауы бар» YouTube арнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

Зауыт-фабрикалар салған кезде бізде талаптар өте қатаң. Түркияға қарағанда әлдеқайда қиын. Мүмкін бұл Кеңестер одағынан қалған құрылыс талаптары шығар, ол жағынан бізде жақсы деп ойлаймын. Түркияда ғимараттың техникалық рұқсатын алу оңай, - деді Абзал Сапарбекұлы.

Экс-елшінің бұл пікірінен кейін «Қазақстандағы түрік капиталымен салынған құрылыс нысандарын жаппай тексеру керек пе?» деген заңды сауал туындайды. Ал, Абзал Сапарбекұлы Қазақстандағы құрылыс саласын зерттеп-зерделеу керектігін айтты.

«Түріктер салған нысандарды ғана емес, барлығы тексерілуі керек. Әсіресе сейсмикалық қауіпті аймақтардағы нысандарды тексеру керек деп ойлаймын. Құрылыс шығыны аз бюджеттік нысандар бірінші кезекте тексерілуі керек. Себебі мемлекеттік қызметкер болғандықтан, бюджеттік үйлерде өзім де тұрдым. Сапасы көңіл көншітпейді», - деді сарапшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама