×

Қазақстан Украинаға әскер жібере ме – Қорғаныс министрлігінің жауабы

Әлеуметтік желіде «Қазақстан Украинаға әскер жіберіп жатыр» деген ақпарат тарады

 Халық үні 28.02.2022 | 09:00
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери қызметшілердің Украинаға жөнелтіліп жатқаны туралы мәліметті жоққа шығарды.

Қазақстандық әскери қызметшілерді Украинаға немесе басқа елге жіберу туралы өтініш түскен жоқ. Сәйкесінше, ондай мәселе қаралып жатқан жоқ, - дейді Қорғаныс министрілігі.

Ведомство бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға әскери контингент жіберу туралы шешімді парламент қабылдайтынын еске салды. Ал парламентке ұсынысты президент енгізеді.

Атап өтсек, қазір Ресей және Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Қазақстан мен Украина арасындағы әуе рейстері тоқтады. Бұған қоса еліміздің турфирмаларына жолдама сатуға тыйым салынады. Қазақстан Украинадағы азаматтарын эвакуациялауға кірісті. Украинада зардап шеккен еліміздің азаматтарының бар-жоғы анықталды. Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Президент. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Мемлекет басшысы шұғыл кеңес өткізді. Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама