×

Елімізде азық-түлік қаншаға қымбаттады - Сауда комитетінің жауабы

Соңғы уақытта қант бағасының өскені белгілі

 Қымбат Елтайқызы 14.03.2022 | 14:40
коллаж: Halyq Uni

Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаевтың айтуынша, Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының мониторингі бойынша тұрақты жұмыс жасап жатыр. 

БНС деректері бойынша, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға өсті. Бәрінен бұрын қырыққабат 1,6%-ға, қант 0,6%-ға және картоп 0,5%-ға қымбаттады. Өңірлер бөлінісінде бір апта ішінде бағаның ең жоғары өсуіне Маңғыстау облысында 0,8%-ға, Қостанай және Қызылорда облыстарында 0,4%-ға жол берілген. ФДО мәліметтері бойынша, бір аптадағы баға 0,6%-ға өсті – дейді Қазанбаев ОКҚ брифингі барысында.

Оның мәліметінше, 12 наурызда премьер-министр орынбасары – Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың басшылығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мәселелері бойынша кеңес өтті. Онда барлық өңірге, оның ішінде бағалардың барынша өсуіне жол берген өңірлерге нақты тапсырмалар берілді. Тиісті шаралар қабылдай отырып, баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы күшейді.

«Министрлік атынан қант бойынша жағдайға түсініктеме бергім келеді. Бүгінде елімізде жеткілікті қор көлемі бар. Жоғарыда айтылғандай, 3 айлық қант қоры болуы туралы ақпарат халықтың қантты жаппай сатып алуының белгілі бір триггері немесе факторы болды. Бүгінгі таңда елімізде бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына тапшылық жоқ. Бұл ретте, шикі қанттан қант өндіру және оның импорты жалғасып жатыр. Елдегі қорлар үнемі толықтырылып отырады. Яғни, үш айдан кейін қорлар таусылып, қант тапшылығы болады деген мәлімет шындыққа жанаспайды», – деді комитет басшысы.

Бұған дейін үкімет елдегі экономикалық жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Үш айдан кейін елде қант тапшылығы болмайды. Азық-түлік қымбаттай ма - министрлік жауап берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама