×

Үкімет елдегі экономикалық жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасы әзірленді

 Қымбат Елтайқызы 14.03.2022 | 09:30
коллаж: Halyq Uni

Қазір Қазақстанда экономикалық проблемалар туралы түрлі мәлімет тарап жатыр. Осыған орай Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Интернетте теріс сыртқы макроэкономикалық жағдайларға байланысты туындайтын проблемалар туралы хабарламалардың жиілеуіне байланысты мынаны хабарлаймызТеріс сыртқы экономикалық құбылыстарға жедел ден қою шеңберінде үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимылдар жоспарын іске асырудаАтап айтқандақаржы нарығының орнықтылығын және теңгелік депозиттердің тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік бюджет есебінен халықтың депозиттері бойынша сыйлықақы есептеуді көздейтін Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын әзірледі, – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Екінші деңгейдегі банктерде 2022 жылғы 12 наурыздағы жағдай бойынша, шамамен 15,3 трлн теңге немесе активтердің 40% құрайтын өтімділігі жоғары активтердің біршама қоры барЕркін өтімділіктің болуы банктерге өз міндеттемелеріне уақтылы және толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Банктердің өтімділік бойынша пруденциялық нормативтері реттеушінің ең төменгі талаптарынан төрт еседен астам артықЗаңда белгіленген шекте жеке тұлғалар депозиттеріне мемлекет кепілдік береді. Биылғы қаңтарда халықтың теңгелік жинақ депозиттері бойынша кепілдік сомасы 20 млн теңгеге дейінсондай-ақ түрлері мен валюта бойынша әртүрлі депозиттерге кепілдік берудің ең жоғары жиынтық сомасы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ тарапынан ұлғайды.

«Бұдан басқа бағаның өсуін тежеу мақсатында үкімет Инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыруда. Ол өнім өндіру көлемін ұлғайтуға, сақтау мен логистикаға, бөлшек саудаға, баға белгілеуді бақылауға, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеуге бағытталған жедел және орта мерзімді сипаттағы іс-шаралардан тұрадыЖалпы, үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жағдайды бақылауда ұстаудаБұл үшін күн сайын Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырыстары өтедіОның шеңберінде экономикалық жағдайдың дамуының әртүрлі сценариі бойынша шешімдер пысықталадыХалықты үрейленбеуге және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз. Арандатушылық сипаттағы анық емес және жалған мағлұмат таратқаны үшін Қазақстан заңдарына сәйкес жауапкершілік көзделгенін атап өтеміз», – делінген деректе.

Бұған дейін желіде азық-түлік, қант пен ұн тапшылығы жайлы ақпар тараған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама