×

Азық-түлік қымбаттай ма - министрлік жауабы

«Азық-түлік қоры жеткілікті ме?» деген сұраққа да жауап берілді

 Халық үні 02.03.2022 | 17:00
фото: ашық дереккөзден

Сауда және интеграция министрлігі «негізгі азық-түлік бағасы өседі» деп халықтың қауіптенуіне байланысты мәлімдеме жасады.

Қазақстан өзін азық-түлік тауарларымен толықтай дерлік қамтамасыз етеді. Барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бойынша, соның ішінде әлсіздікке тәуелді позициялар (қант, тауық еті, сүзбе) бойынша айтарлықтай қорлар бар, – дейді ведомство.

Тұрақтандыру қорларында 27,4 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сақталып отыр. Оның ішінде: ұн, қант, макарон, күріш және т.б. көкөніс өнімдерін жеткізуге форвардтық келісімшарттар жасалды. Биылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша, тұрақтандыру қорларында 27,4 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сақталады. Оның ішінде ұн – 11,5 мың тонна, қант – 3,8 мың тонна, макарон – 1,5 мың тонна, күріш – 0,8 мың тонна және т. б. шамамен 124,5 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жеткізуге, оның ішінде картоп – 45,7 мың тонна, пияз – 12,5 мың тонна, сәбіз – 13,2 мың тонна және т.б. жеткізуге форвардтық шарттар жасалды.

«Сауда желілері одағының деректері бойынша, ритейлерлер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қорымен кем дегенде 30 күнге қамтамасыз етілген. Бұл қорлар қол қойылған келісімшарттар есебінен, оның ішінде айналым схемасы шеңберінде қалыптасады. Яғни, тауарлар ең төменгі сауда үстемесімен белгіленген бағамен сатылады», – делінген ақпаратта.

Үй жанындағы дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының көтерілу фактілері байқалады. Олар көтерме сатушылардың азық-түлік тауарларының бағасын алыпсатарлық арттыру жағдайларымен байланысты. Алыпсатарлықтың алдын алу үшін әкімдіктер қазір сауда қатысушыларымен жұмыс жүргізіп жатыр.

Сауда үстемелері мен ретро-бонустарды әкімшілендіруді және мемлекеттік бақылауды күшейту, сондай-ақ шекті бағаларды уақытылы енгізу арқылы бағаның өсуіне жол бермеу бойынша жұмыс жалғасып жатыр, – дейді министрлік.

Әкімдіктер 15-тен аспайтын мөлшерде сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына және сауда желілерінің сыйақы алуына жол бермеуге күшейтілген мониторинг пен бақылау жүргізеді. Осы бағыт бойынша әрбір сауда нүктесін бақылау үшін жұртшылық тартылады.

«Апта сайын премьер-министрдің төрағалық етуімен Цифрлық үкімет офисінің жұмысы шеңберінде әрбір өңір бойынша тауарлар бөлінісінде ахуал қаралады әрі өсуді тұрақтандыру және болдырмау бойынша жедел шаралар қабылданады», – делінген мәліметте.

Азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің нақты және бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықты отандық өндіріс тауарларымен толықтыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 2024 жылға дейінгі жоспар әзірленді.

Осы жоспарды іске асыру қорытындысы бойынша, өз өндірісі есебінен ішкі тұтынуды 100% қамтамасыз етуге қол жеткізу жоспарланып отыр. (Қазір қант, тауық еті, сүзбе сияқты тауар түрлері бойынша импортқа тәуелділік байқалады), – дейді СИМ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама