×

Үш айдан кейін елде қант тапшылығы болмайды – СИМ

Елде қанттың үш айға жеткілікті қоры бар екен

 Халық үні 13.03.2022 | 13:20
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Сауда және интерграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ Қазақстанда үш айдан кейін қант тапшылығы болады ма деген сұраққа жауап берді.

Ведомство өкілінің айтуынша, елде қант тапшылығы болмайды. Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті екен.

«Қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды. Қор толтырылып отырады. Яғни «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады» - деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз», - деді ол.  

Атап өтсек, 2021 жылы Қазақстанда меншікті қант өндірісі 276,9 млн тоннаны құрады. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 89-ға жоғары.

2021 жылы Қазақстанға басқа елдерден 506,9 млн тонна қант және шикі қант импортталды. Ресейден Қазақстанға 275,8 млн тонна әкелінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,7%-ға аз. Бразилиядан – 164,6 млн тонна, Беларусьтен – 35,5 млн тонна, Мексикадан-30,4 млн тонна жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама