×

Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері басталды

Қорытынды кеш 13 қыркүйекте Мәскеуде болады

 Дастан Жұмабекұлы 06.09.2022 | 18:18
фото: bigasia.ru

Астрахань мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері үлкен мерекелік концертпен басталды.

Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлады.

Іс-шара Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орайластырылған.

Кешті Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев пен Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сейітова ашып, алдағы іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып, екі елдің халқын сан ғасырлық ортақ тарих, экономикалық, біртұтас мәдени-рухани кеңістік байланыстыратынын атап өтті.

Өз кезегінде губернатордың орынбасары – Астрахань облысы үкіметінің төрағасы Олег Князев екі елді жақын, одақтас, достық қарым-қатынастар біріктіретінін атап өтті.

Осыған дейін Астрахань облысы Володар ауданы Алтынжар ауылындағы Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығының ашық алаңында қазақ диаспорасы өкілдеріне арналған Қазақстан өнер шеберлерінің концерті өтті.

Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндерінің бағдарламасы 8 қыркүйекте Қазанда және 13 қыркүйекте Мәскеуде жалғасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама