×

Павлодарлық азамат әйелінен жалақысын даулап, полицияға шағымданды

Ол тапқан-таянғанын өз қажеттіліктеріне жұмсауды жоспарлаған

 Еркеғали Болатұлы 20.08.2022 | 18:28
фото: ашық дереккөз

Павлодарда жалақысын алған ер адам оны әйеліне бергісі келмеген. Алайда ақшаның зайыбының қолына түскенін білген азамат оның үстінен полицияға шағымданған деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер үйге барып, қандай жағдай болғанын анықтаған. Белгілі болғандай, күйеуі тапқан-таянғанын өз қажеттіліктеріне жұмсауды жоспарлаған. Алайда әйелі ол ақшаға отбасына керек-жарақтарын сатып алуды шешкен.

Полиция қызметкерлері ешкімді ұстамай, профилактикалық әңгіме жүргізіп, дауды басуға тырысқан. Бір қызығы, жұбайлар жанжалы олар кеткенше басылған көрінеді.

Еске сала кетсек, осы қалада банк картасы ұрланған ене келінінің үстінен шағымданған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама