×

Павлодарда ақшасы ұрланған ене келінінің үстінен арыз жазды

Келін ақшаға қажетті заттарын алған

 Халық үні 20.08.2022 | 16:34
Фото: ашық дереккөздерден

Павлодар тұрғыны өзінің банк картасын ұрлаған келінінің үстінен арыз жазды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жас келін енесінің рұқсатынсыз оның банк картасынан 139 мың теңге алған. Бұл жағымсыз әрекет туралы полицияға 49 жастағы әйел айтып берді.

Күдікті ақшаны өз қажеттіліктері үшін алғанын айтты. 30 жастағы әйелге қатысты ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл қылмысты жасағандар 1000 АЕК (3 063 000 теңге немесе 6 426 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл арқалайды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады, не мүлкі тәркіленіп немесе тәркіленбей, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеледі, не сол мерзімге бас бостандығынан айырылады.

 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама